+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Ерлан Қожағапанов Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

2021 жылғы 13 қыркүйек 11:02
Бөлісіңіз:
Ерлан Қожағапанов Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Өкімімен Ерлан Қожағапанов Премьер-Министрдің кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Экология министрінің жаңа орынбасары тағайындалды СҚО-да Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға жаңа әкімі тағайындалды Ақмола облысының Жақсы ауданына жаңа әкім келді

Еске сала кетсек, Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт вице-министрі қызметінен босатылған еді.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1992 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2006 жылы Ресей Кеден академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі — заңгер, экономист, қаржыгер, кеден ісінің маманы.

Еңбек жолын 1989 жылы бастаған.

1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2013-2016 жылдары ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті қызметтерін атқарған.

2016 жылғы желтоқсаннан бастап 2017 жылғы қараша аралығында ҚР Премьер-Министрі кеңесшісінің м. а., кеңесшісі қызметін атқарған.

2017-2020 жылдары — ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.

2020-2021 жылдары — Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР мәдениет және спорт вице-министрі болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT