Ерлан Қошанов «Жезқазған-Сәтбаев» жолында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Жезқазған-Сәтбаев» жолының учаскесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының аралығындағы жолды 2020 жылдың қазан айында толық аяқталады деп жоспарлануда. Алайда өңір басшысы қазірден бастап көлік жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қыркүйек айына қарай, мүмкін болған бетте, жолды бөлетін белгілер мен жолақтар орнатыңыздар. Жаз басталғаннан бері осы бөлікте көптеген апат болады, оның ішінде, өкінішке орай, кісі өлімімен аяқталғандары да бар. Бұл жол «өлім жолына» айналып барады. Жағдайды түзету керек», - деді өңір басшысы.

Мердігерлер, өз кезегінде, тапсырманы тез орындауға уәде берді.

Қазіргі таңда жөнделетін учаскеде 20 адам және 19 техника, оның ішінде асфаьт таптауыш, автогрейдер, асфальт төсегіштер жұмыс істейді.

Осы жылдың соңына дейін мердігер компания жол төсемін асфальтбетонмен тегістеп, жол жабынын жайластыру және жол жиегін 10 сантиметр қиыршықтас қабатымен тығыздауы тиіс.

Келесі жылы жоспар бойынша Жезқазған мен Сәтбаевтың арасында тас төселген жайлы аялдама павильоны, жиек тастар, трасса бойындағы металл қоршаулар мен көше шамдары пайда болады.

Соңғы жаңалықтар