Ерлан Қошанов «Шұбаркөл көмір» компаниясының жұмысшыларымен кездесті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Шұбаркөл көмір» АҚ жұмысшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы тау-кен жұмыстарын жүргізетін «орталық» көмір разръезінде болды. Ол осы жылы кәсіпорынға келіп түскен өндірістік алаң мен жаңа техниканы қарап шықты.

Қызметкерлер соңғы жылдары жабдықтар жаңартылып, өндіріс көлемі өсіп жатқанын атап өтті. Бірақ жұмысшыларды бірінші кезекте - еңбекке ақы төлеуге қатысты мәселені сұрады. Кәсіпорын басшылығы 1 қаңтардан бастап қосалқы персонал үшін жалақыны көбейту мәселесі қаралатынын хабарлады. Қазір олардың еңбекақысы негізгі қызметкерлерге қарағанда азырақ.

«Біздің, яғни жергілікті атқарушы биліктің жұмысы - сіздердің әл-ауқаттарыңыз бен өмір сүру жағдайларыңыз лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету. Біз облыстың кәсіпорындарындағы еңбекақы деңгейін үнемі қадағалаймыз. Әсіресе өндірістің қауіпсіздігі жіті бақылауда. Сіздердің денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңіз - ең қымбат. Сондықтан әрбір қызметкер қауіпсіздік техникасына қатысты қойылатын талаптар ешқашан артық болмайтынын түсінулері керек. Бұл сіздер үшін маңызды», - деді Ерлан Қошанов.

Кездесуден кейін облыс әкімі салынып жатқан 120 орындық вахталық жұмсышыларға арналған жатақхананы аралап көрді. Бөлмелер тұрмыстық техникамен жабдықталады. Құрылыс аяқталуға жақын. Сонымен қатар, мұнда тренажерлары бар спорт кешені мен екі футбол алаңы салынуда.

Соңғы жаңалықтар