Ерлан Қошанов сайлаудағы «Бәріне қарсымын» бағаны туралы: Ел ішінде түрлі көңіл күй бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс Президент сайлауында «Бәріне қарсымын» деген бағанның екінші орын алуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген спикер Ерлан Қошанов кезектен тыс өткен Президент сайлауы туралы пікір білдірді.

«Бұл өзіңіз айтып тұрған екінші графаға дауыс берген сайлаушылардың құқығы, еркі. Оған мен баға бере алмаймын. Олардың өз ойы бар. Яғни, олар барлық кандидаттарға қарсы деген сөз. Халықтың ішінде әртүрлі көңіл күй бар. Бірақ 82 пайызға таяу халықтың көңіл күйі Президентті қолдайды дегенге саяды. Бүгінгі Президентің жасап жатқан реформаларына, бағытына, бағдарламасына, тұрақтылыққа сенеді деген сөз. Әр адамның көңіл күйі бірдей емес қой», - деді Мәжілісі спикері.

Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар