Ерлан Қошанов көмір мәселесін күн сайын бақылауды тапсырды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қысқа дайындық уақытында көмір мәселесі билік басындағылардың ерекше назарында. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жағдайды үнемі бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Қарағандыдағы ең ірі көмір қоймаларының біріне барып, көмір қорының көлемін және қатты отынды тасымалдау жұмыстарын бақылап  шыққан болатын. 

«Жалынды Отан» ЖШС көмір қоймасында тұтынушылар арасында анағұрлым сұранысқа ие Шұбаркөл көмірі, сондай-ақ Кузнецкий және Екібастұздың қатты отыны сатылады.
Кәсіпорын мәліметінше, осы күндері сату жоғарылаған. Күн сайын 200-ге дейін көлікке тиеледі.  Көмірге қатысты қиындықтар жоқ.

«Жағдай бір қалыпты, дүрлігу жоқ. Толық режимде жұмыс істеп жатырмыз: тиеуді таңертеңгі 8.00-ден бастап, соңғы клиентке дейін жұмыс істейміз. Қазіргі таңда қоймада шамамен 9000 тонна көмір бар», - деді учаске бастығы Дмитрий Букин.

айта кетерлігі, былтыр осы уақытта адамдардың сұранысы бәсең болған. Ал биыл жергілікті атқарушы биліктің жүргізген жұмысының арқасында маусым екі ай бұрын басталды. Демек, адамдар қысқы қор туралы ертерек ойланып, көмір ала бастады.

Кәсіпорынды аралағаннан соң әкім қызметкерлерге көмір мәселесін күн сайын бақылауды тапсырды.

«Күн сайын осы жерде боласыздар. Халықпен де жұмысты жалғастыра беріңіздер», - деп талап етті Ерлан Қошанов Қарағанды қаласының әкімінен.

Бұған дейін хабарланғандай, орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерге қысқы маусымда шамамен 745 мың тонна көмір қажет. Аймақта бес негізгі көмір жеткізуші компания жұмыс атқарады. Тұрғындарға 38 орында көмір сатылады. 

2018 жылдың 8 айында облыста коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге үшін 14 млн тонна көмір өндірілген. Бұл өткен жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда 10%-ға көбірек. Ал жыл бойына 38 млн тонна көмір өндіру жоспарланып отыр, бұл 2017-ші жылмен салыстырғанда 19%-ға көбірек.

Соңғы жаңалықтар