Ерлан Қошанов Қарағандының тазалығы мен келбетіне қатысты сын айтты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ерлан Қошанов Қарағандының тазалығы мен келбетіне қатысты сын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы облыс орталығында қоқыс жәшіктері мен қоқыс контейнерлері жетіспейтінін атап өтті. Бұл Ерлан Қошановтың айтуынша, қала көшелерінің ластануы себептерінің бірі болып табылады.

«Мен сіздердің назарларыңызды қоқыс жәшіктері барлық дерлік жерлерде тұрмағанына аударғым келеді. Бар жерлердің өзінде ондағы қоқысты жинап алып кету барысында шашылып-төгіледі. Соның салдарынан аулаларда пакеттер ұшып жүреді. Осыдан біздің санитарлық жағдайымыз неге осындай деген сұраққа жауап аласыздар», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің айтуынша, 600 жаңа жәшікке тапсырыс берілген, жақын арада олар қала көшелерінде орнатылады.

Өңір басшысы, сондай-ақ, облыс орталығының сыртқы келбетіне жауап беретін сәулетшілер мен суретшілерді сынға алды. Себебі көшелерде тозығы жеткен баннерлер мен әлеуметтік жарнама жазылған ескі билбордтар жетіп-артылады.

«Бақылау жоқ. Дүкендер сатып алушыларды тарту үшін маңдайшаларды бір-біріне бекіте береді. ПИК иелері табыс қуамыз деп үйлердің қасбетіне банерлерді орнатуға рұқсат бере береді. Нәтижесінде қала тұрғындарының ашуын және қала қонақтарының түсінбеушілігін тудыратын талғамсыз келбетті көріп отырмыз. Барлығын ретке келтіріңіздер!» - деп талап етті аймақ басшысы.

Ерлан Қошанов биылғы жылдың 11 сәуірінен бастап Жарнама туралы жаңа заң күшіне енетінін еске салды. Осы құжатқа сәйкес, жаяу жүргіншілер мен көлік жолдарына шығатын барлық сөрелерге салық салынады.

Соңғы жаңалықтар