Ерлан Қошанов депутаттар алдында жұмыс қорытындылары туралы есеп берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағандыда облыстық мәслихаттың кезектен тыс 28-сессиясы және облыс активінің отырысы. Ерлан Қошанов өңірде өткен жарты жыл ішінде қандай жұмыс жүргізілгені туралы баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, облыс әкімі Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламентінің кеңейтілген отырысында қойған міндеттерді жүзеге асыру туралы айтты.

Ерлан Қошанов Президент облыс әкімдеріне қойған басты міндет - ел азаматтарының әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Әкім жалақыны көбейту, әлеуметтік көмек және инфляцияны тежеу есебінен өңір халқының ақшалай табысының 8,1%-ға нақты өсуі қамтамасыз етілгендігін хабарлады.
- Президенттің несие қарызын есептен шығару жөніндегі бастамасы облыстың 40 мың әлеуметтік осал топтарға жататын тұрғындарына айтарлықтай қолдау көрсетеді. Бірақ, бұл бір жолғы акция екенін адамдар түсінуі тиіс. Және мұндай болмайды. Атаулы әлеуметтік көмекке 20 мыңнан астам облыс тұрғыны өтініш білдірді. Енді 10 мыңға жуық отбасы АӘК алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Бюджет қаражатының шығыстары 6 есе өсті. Көптеген шағымдар өздерінің нақты табысын жасырған кейбір тұлғалардың алаяқтық салдарынан АӘК әділетсіз бөлінуіне әкеп соқты. Мұндай ескертуді Мемлекет басшысы барлық өңірлерге жасады. Мен қала және аудан әкімдеріне АӘК тағайындау мен төлеу заңдылығы мәселесін жеке бақылауға алуды және осы жұмысты 22 шілдеге дейін аяқтауды тапсырамын. Бюджеттік ақша қатаң түрде мақсаты бойынша жұмсалуы тиіс. Депутаттар мен партиялықтардың түсіндіру жұмыстарына қосылуын сұраймын, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі сондай-ақ банктерді «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына белсенді қатысуға шақырды. Ал өнеркәсіп кәсіпорындары өңдеу өнеркәсібі саласында жаңа инновациялық жобаларды іздестіру бойынша жұмысты жандандырсын.
- Президент айтқандай, өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, өндірілетін және экспортталатын тауарлардың себетін «күрделендіру» де маңызды, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Ол қазір облыс өнімі 49 елге экспортталатынын еске салды. Бірақ жаңа ішкі нарықтарды игеру туралы да ұмытуға болмайтынын айтты. Бұл үшін «қарапайым заттар экономикасының» әлеуетін толыққанды пайдаланған жөн. Қазір бұл бағдарламаға барлығы 116 кәсіпорын қатысуда. Оның 5-і ғана 2,5 млрд. теңгеге несие алды.
- Бұл жеткіліксіз. Банктер жұмысқа белсенді түрде кірісуі қажет. Ал қала және аудан әкімдері осы бағдарламаның артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы жергілікті кәсіпкерлерге айтып берді. Оларға осы ақшаны өте тиімді жағдайда пайдалануға мүмкіндік беру керек, - деп атап өтті аймақ басшысы.
2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттердің кіріс базасына шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы берілетін болады. Бұл қалалар мен аудандар әкімдері үшін уәждеме болуы тиіс.
- Табысты кәсіпкерлер көп болса, жергілікті бюджет соншалықты бай болады, - деді Ерлан Қошанов.
Сонымен қатар өңір басшысы бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы да еске салды. Ол аудан және қала әкімдерін жергілікті бюджетті жоспарлау кезінде ең алдымен облысты дамыту мақсатына бағыттауға шақырды. Бұл бірінші кезекте – сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік, тұрғын үй, экологиялық және басқа да өзекті мәселелер.
- Әкімдерге жоспарланған жобалардың әлеуметтік және экономикалық жағынан қаншалықты тиімді болатынын анықтау керек. Бұл жұмысқа біз депутаттық корпус пен қоғамдық кеңестің белсенді қатысуын күтеміз, - деді аймақ басшысы.
Агроөнеркәсіп саласында Президенттің жерді тиімді пайдалану туралы тапсырмасына назар аудару керек. Бүгінде облыста 91 мың гектардың тек 20 мыңнан астамы ғана пайдаланылуда. Маңызды міндет - ауыл шаруашылығын цифрландыру. Қазір цифрландыру әдістері екі ірі шаруашылықта табысты қолданылуда. Биыл дәл егіншілік элементтерін тағы 28 шаруашылыққа енгізу жоспарланып отыр.
Аймақ басшысының пікірінше, басты ашылмаған ресурс кәсіпкерлік болып табылады.
- Біздің міндетіміз – бизнес үшін ең қолайлы жағдай жасау. Екінші жыл облыс әкімі жанынан кәсіпкерлік жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Президент бизнеспен диалогтың жаңа форматын алға қойды. Біз елдегі бірінші болып «есеп күнін» өткіздік, онда қадағалау органдары керісінше бизнес алдында есеп берді, -деп атап өтті аймақ басшысы.
Ерлан Қошанов атап өткендей, Мемлекет басшысы туризмді дамытуға ерекше көңіл бөледі. Қарағанды облысында негізгі тірек жасалатын өсудің 3 нүктесі таңдалып алынды. Бұл Балқаш маңындағы курорттық аймақ, «Ұлытау» тарихи-мәдени кешені және Қарқаралы курорттық аймағы. Онда инженерлік коммуникациялар мен инфрақұрылымды құруды қамтамасыз ету қажет. Ұлытауда, атап айтқанда, сапар орталығы, жолдар, мұражай салынуда.
Облыс әкімі сондай-ақ соңғы жылдары облысқа инвестиция ағыны артып келе жатқанын хабарлады. 1 трлн-нан астам сомаға 35 жаңа ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Оның ішінде шетелдік капиталмен 17 жоба бар.
Облыстық мәслихаттың сессиясына және облыс активінің отырысына 30 депутат, сондай-ақ ҚР ПӘ Мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов, облыс әкімінің орынбасарлары, қоғамдық кеңес мүшелері, басқармалар мен департаменттердің басшылары және басқалар қатысты.

Соңғы жаңалықтар