+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.42 EUR 424.58
RUB 6.00 CNY 54.31
Jańalyqtar

Ерлан Қошанов: АӘК-ті пайда тапқысы келгендер емес, мұқтаж жандар алуы тиіс

2019 жылғы 22 шілде 14:56
Бөлісіңіз:
Ерлан Қошанов: АӘК-ті пайда тапқысы келгендер емес, мұқтаж жандар алуы тиіс

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың табысын қайта тексеруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы өседі Көпбалалы отбасыға шағын несие қалай беріледі Әлеуметтік желілерде борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша аккаунттар ашылды

Қазіргі таңда өңірде әлеуметтік төлемдер алу үшін өз табыстарын жасырған адамдарды анықтауға көмектесетін мобильді топ жұмысын аяқтап қалды. Бір өкініштісі, облыста осындай отбасылар табылып жатыр.

«Аулаларды аралау нәтижелері бойынша 199 отбасы үшін АӘК төлемдерін тоқтату туралы шешім қабылданды. 17 отбасы заңсыз алынған қаражатты өз еркімен өтейді. Қазір қалғандармен учаскелік комиссиялар жұмыс істеуде. Бұл қаражат сот арқылы өндіріп алынады», - деп түсіндірді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.

Өңірде барлығы 9 355 отбасы әлеуметтік төлемдер алады. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4 есеге артты. Ал бюджет қаражатының шығындары 6 есе өсті.

«Атаулы әлеуметтік көмекке шын мәнінде мұқтаж адамдарға арналған нақты және айқын қолдау көрсететін тетіктер болуы қажет. Көмек атаулы болуы, әрқайсысымен жұмыс істелуі тиіс. Масылдыққа жол беруге болмайды! Алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілері үшін қатаң жазаланатын болады. Қалалар мен аудандардың әкімдері ол үшін жауапты болады. АӘК есептеу заңдылығын жеке бақылауға алу керек», - деп тапсырды Ерлан Қошанов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT