+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ерлан Қарин жала жабу туралы бапты ізгілендіру жөнінде:  Бұл аса маңызды құжат

2020 жылғы 27 маусым 17:03
Бөлісіңіз:
Ерлан Қарин жала жабу туралы бапты ізгілендіру жөнінде:  Бұл аса маңызды құжат

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы бүгін қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы саяси реформалар аясында дайындалған маңызды құжат деп есептейді.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда Абаймен аттас 17 мыңнан астам адам бар Қырымбек Көшербаев: Қазақ халқы өркениеттің жаңа талаптарына сай өмір сүре білуі керек ШҚО тұрғындарының ҚР Президентіне жазған хатындағы деректер жалған - әкімдік

ҚазАқпарат бұл туралы Президент Кеңесшісінің Telegram парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Бүгін Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл президенттік саяси реформалар аясында дайындалған маңызды заң жобасы. Осы заң бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабы «Жала жабу» Әкімшілік кодекске ауыстырылады. Бұл бапты декриминизациялау туралы тапсырманы Президент былтыр желтоқсандағы Ұлттық кеңестің екінші отырысында берген болатын. Осы заңмен Қылмыстық кодекстің 174-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Еске сала кетсек, былтыр желтоқсанда Президент осы бапты ізгілендіру туралы ұсыныс айтқан болатын.

Дегенмен, баптағы өзгерістер редакциялаумен бітпейді, мәселен, «өршіту» сөзі «от салу» сөзімен алмастырылған. Жаңа заңға сәйкес, осы бап бойынша 2000-нан 7000 АЕК көлемінде айыппұл енгізілді (бұрын тек 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру болатын). Осылайша Мемлекет басшысы Ұлттық кеңестің екінші отырысында қозғаған президенттік саяси реформалар пакеті толығымен орындалды. Саяси блоктан бөлек, сайлау туралы (партиялық сайлау тізімінде тұрған әйелдер мен жастарға 30% квота енгізу), партия туралы (саяси партияларды тіркеу кезінде кездесетін кедергілерді екі есеге қысқарту), парламенттік оппозиция институтын енгізу, митингілер туралы жаңа заң қабылдау туралы бастамалар назарға алынды. Құқық қорғаушылар мен журналистердің де ұсыныстары жүзеге асырылды.

Осы айларда Ұлттық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдар мен Парламент депутаттары жаңа заң жобаларын дайындап, үлкен жұмыс атқарды. Президенттік саяси реформалар пакетін жүзеге асыру конструктивті және тиімді диалог процесінің кезекті үлгісі болды. Бұл Ұлттық кеңес аясына жүзеге асырылған саяси блок қана. Бұдан бөлек «Ардагерлер туралы» жаңа заң қабылданды, Сыртқы қарыз бірыңғай реестрі қабылданды, шетелдік жұмыс күшіне квота екі есеге қысқарды, жерге космониторинг жасау жобасы жүзеге асып жатыр, соның арқасында 3 ай ішінде мемлекеттік меншікке 2 млн. га пайдаланылмайтын жайылым қайтарылды


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT