+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің тиімді қызметі туралы айтты

2020 жылғы 22 қазан 11:46
Бөлісіңіз:
Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің тиімді қызметі туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдар мен Ұлттық кеңес мүшелері арасында өзара әрекет ету күшейтілді. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңа ұсыныстарды қалыптастыру, жан-жақты талқылау мақсатында мемлекеттік органдар мен Ұлттық кеңес мүшелері арасында өзара әрекет ету күшейтілді. Осы орайда жаңа онлайн форматта Ұлттық кеңес мүшелерімен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовпен, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровпен, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кездесулер өткізілді. Жалпы алғанда мұндай сегіз талқылау мен кездесу ұйымдастырылды», - деді Е. Қарин.

Оның сөзіне қарағанда, алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, жылдың соңына дейін басқа да министрліктер басшылығымен кездесулер ұйымдастыру жоспаранған.

«Бұған қоса, Мемлекет басшысы мен Ұлттық кеңес мүшелерінің жеке кездесулерін өткізу тәжірибесі жалғастырылды. Биыл осындай 8 кездесу өтті. Жалпы, өткен жылдан бері мұндай 24 кездесу ұйымдастырылды. Жеке кездесулерде Ұлттық кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар ерекше назарға алынған. Аталған жұмыстардың барлығы Ұлттық кеңестің тиімді қызмет етуіне ықпал етеді және ары қарай да бұл бағыттарда жұмыс жүргізу жалғастырылады», - деді Ерлан Қарин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT