Ерлан Қарин Ұлттық кеңес бастамаларының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамалары қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық кеңестің тағы бір бастамасы жүзеге асырылу сатысында тұр. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен онлайн кездесу барысында Ұлттық кеңестің екінші отырысындағы Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Жерді пайдалану және қорғауда мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір қаңнамалық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы« ҚР заңы жобасының әзірленгенін айтты», - деп жазды Ерлан Қарин Facebook-парақшасында .

Оның атап өтуінше, заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысына шығарылған. Таяу уақытта Премьер-Министр кеңесіне, одан ары ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілетін болады.

«Өткен аптада Мәжіліс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдаланбағаны үшін базалық салықтық мөлшерлемені 10-нан 20 есеге дейін арттыруды көздейтін заң жобасын мақұлдады. Бұл шаралардың барлығын да Ұлттық кеңестің 2-отырысында Президент айтқан еді. Міне, осылай апта сайын Ұлттық кеңес аясында жарияланған бастамалардың жүзеге асырылуы барысы туралы жаңа ақпараттар түсіп жатады. Бастамалардың басым бөлігінің жүзеге асырылғаны белгілі. ҰҚСК хатшылығы қалғандарын мемлекеттік органдардың оларды қалай зерделеуін қадағалап отыр. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың басшылармен онлайн форматындағы кездесулер жалғасуда», - деді Ерлан Карин.

Еске салайық, таяуда Ерлан Қарин ауылшаруашылық мақсаттағы жерді пайдаланбағаны үшін базалық салықтық мөлшерлемені арттыруға қатысты Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсынысы туралы айтқан болатын.





Соңғы жаңалықтар