+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ерлан Қарин саяси партиялар мен сайлау туралы заңға қатысты пікір білдірді

2020 жылғы 21 мамыр 13:41
Бөлісіңіз:
Ерлан Қарин саяси партиялар мен сайлау туралы заңға қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Сенат қабылдаған саяси партиялар мен сайлау туралы заңға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Сенат саяси партиялар және сайлау туралы заңға түзетулерді қабылдады. Оған сәйкес, саяси партияларды тіркеу барысындағы кедергілер 2 есе қысқарады және партиялық сайлау тізімінде әйелдер мен жастарға 30 пайыз міндетті квота енгізіледі. Бұл өзгерістерге 2019 жылы желтоқсанда өткен Ұлттық кеңестің 2-отырысындағы саяси реформалар топтамасы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастама жасаған еді. Міне, бүгін осынау жаңа нормаларды сенаторлар мақұлдады», - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Оның атап өтуінше, аталған нормалар байыпты саяси жаңашылдық саналады. Айталық, мәслихаттардағы 3 335 орынның тек 740-ында ғана әйелдер мандатқа ие болған.

«Ал 29 жасқа толмаған жас депутаттардың саны - небәрі 53 қана. Сенатор Ләззат Сүлейменнің айтуынша, оның 44-і аудандық мәслихатта болса, облыстық мәслихаттарда мүлдем жоқ десек те болады. Сондықтан бұл нормалар әйелдер мен жастарды елдің қоғамдық-саяси процестеріне барынша кеңінен әрі белсенді тартуға септігін тигізеді», - деді Ерлан Карин.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң мен «Саяси партиялар туралы» заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT