Ерлан Қарин саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау комиссиясының отырысын өткізді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиында зерттеуші ғалымдар жүргізген ғылыми ізденістердің нәтижелері, мемлекеттік комиссияны заңдық және терминологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Мемлекеттік хатшы комиссия шеңберінде архив материалдарын іздеу мен талдаудың тиімді жүйесі құрылғанын, тарихи және ғылыми құжаттардың көлемі қалыптасқанын атап өтті.

Сонымен қатар, мемлекеттік комиссияның 2022 жылға арналған жұмысының басым бағыттары, атап айтқанда, жинақталған архив материалына ғылыми және заңдық баға беруді ұйымдастыру, терминологиялық базаны қалыптастыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бағытындағы заңнаманы жетілдіруге қатысты тұжырымдамалық құжаттардың жобаларын дайындау мәселелері қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Жобалық офисті трансформациялауға, жұмыс топтарын оңтайландыруға және комиссия қызметін жаңа міндеттерге бұруға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.


Соңғы жаңалықтар