Ерлан Қарин Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті

None
Фото: akorda.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимовамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде екі ел арасындағы өнер және мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени қарым-қатынастардың маңызы жөнінде атап өтті.

Өз кезегінде, Ольга Любимова өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты жоспарлары жайында айтты.

Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық бағыттағы екіжақты диалогты жалғастыра беруге уағдаласты.


Соңғы жаңалықтар