Ерлан Қарин Ресей Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ресей Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, сондай-ақ халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Тараптар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қоры шеңберіндегі ықпалдастықты тереңдету мәселелеріне назар аударды.

Кездесу соңында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты диалогты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.


Соңғы жаңалықтар