+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ерлан Қарин Президенттік жастар кадрлық резервінің қатысушылары туралы пікір білдірді

2020 жылғы 27 шілде 17:05
Бөлісіңіз:
Ерлан Қарин Президенттік жастар кадрлық резервінің қатысушылары туралы пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Кеңесшісі Еран Қарин бүгін Президенттік жастар кадрлық резервінің қатысушыларымен кездесті.

Ұқсас жаңалықтар
Реалити шоу: Түркістандық жастар алма теріп, қой қырқып, картоп қазудан өзара бәсекеге түсті Петропавлда бір топ жас ойыншық автомат ұстап, көшеге шыққан

Жүздесу барысында жастар Президент Кеңесшісіне болашақта мемлекеттік қызметте айналыссақ деген жобалары туралы әңгімелеп, өздерін толғандырған сауалдарды қойды. Жастардың болашақ жобаларымен, жоспарларымен мұқият танысқан Ерлан Қарин кездесу барысында қызықты әңгіме өрбігендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Бүгін Президенттік жастар кадрлық резервінің қатысушыларымен екі сағаттан астам уақыт әңгімелестім. Онлайн форматта өткен талқылауға түрлі өңірлерден 60 резервист қатысты. Бағдарлама қатысушылары өздері және мемлекеттік қызметте айналысқылары келетін жобалармен таныстырды. Бұл жобалар өте қызықты және қазіргі кезде трендке айналған түрлі мемлекеттік қызметтерді цифрландырудан бастап, экология және су қауіпсіздігі сияқты түрлі тақырыптарды қамтиды. Жас болғанына қарамастан, көбінің бэкграунды айтарлықтай, 7-ден 15 жылға дейін кәсіби тәжірибесі бар. Өзінің қызығушылығы зор, алдыға қойған мақсатына ұмтылған жас кәсіби мамандармен пікірлесу қашанда қызықты. Сондықтан да біз болашақта тұрақты түрде кездесіп отырамыз деп келістік»,-деп жазды Қарин өзінің Facebook парақшасында.


Президенттік жастар кадрлық резервінің қатысушыларының бірі Дәулет Кәрібек аталған кездесу жөнінде былай деп жазды: «ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Каринмен онлайн кездесіп, өз жобаларымызбен таныстырдық. Бұл кездесу жайшылықтағы онлайн кездесулер сияқты емес, әрбір резервист өз тарапынан баспананың қолжетімді болуы, ҚҚС (НДС) әр түрлі болуы (мәселен, бірінші қажеттілік өнімдеріне төмен НДС төмендету), цифрландыру, экологиялық қауіпсіздік, экспортты қалай дамытуға болады деген секілді маңызды мәселелер бойыншы ұсыныс жасады. Karin Erlan ағамыз 2 сағаттан астам бәрімізді тыңдап, алдағы уақытта жобаны тиісті мемлекеттік органдармен бірге ортаға салуды ұсынды. Осындай қиын-қыстау кезеңде стратегиялық сұрақтарды назарда ұстап, әр қайсымызды асықпай тыңдағаныңыз үшін көп рахмет!»,-деп жазды.


Ал Қуаныш Елікбаев: «Өте қызықты әңгіме болды. Президент Кеңесшісі Ерлан Қарин барлығымызды мұқият тыңдап, біздің сұрақтарымызға жауап берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік жастар кадрлық резервіне ерекше назар аударатындығы туралы айтты. Мен өзімді қызықтырған сала туралы әңгімелеп бердім. Қызықты кездесу үшін үлкен рахмет!»,-деді ол.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT