+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Ерлан Қарин: Президент қол қойған Жарлықтың маңызы неде

2021 жылғы 9 маусым 23:04
Бөлісіңіз:
Ерлан Қарин: Президент қол қойған Жарлықтың маңызы неде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы бүгін қол қойған ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қатысты пікірімен бөлісті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы КК төрағасын ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық жұмысына бейнешолу

«Бүгін Президент өте маңызды құжат - «ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың баптарын жүзеге асыру үшін Үкіметке бірінші кезекте қолға алынуы тиіс шаралардың жоспарын бекіту тапсырылды. Аталмыш құжаттың маңызы неде?», - деп жазды Қарин Facebook-тегін парақшасында.

Оның пікірінше, бүгінгі Жарлық Президенттің саяси жаңғыру мен либерализациялау бойынша ұстанған бағытының жалғасы. Ол енді мемлекеттің күшін құқық қорғау мәселелеріне бұрады. Осыған дейін Президент құқық қорғауға қатысты мәселені Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші мәжілісінде (2019 жыл 20 желтоқсан) көтерген болатын. Соның нәтижесінде Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынды. Құқық қорғау тақырыбы Мемлекет басшысының өткен жылғы Жолдауында да (2020 жыл 1 қыркүйек) ерекше орын алған еді. Нақтырақ айтқанда, Мемлекет басшысы Жолдауында азаматтарды, әсіресе балаларды кибербуллинг, адам саудасы мен зорлық-зомбылық сияқты әрекеттерден қорғау бағытында кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. ҰҚСК 5-ші мәжілісінде (2021 жылдың 25 ақпаны) пенитенциарлық мекемелердегі адамдар мен әйелдердің құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар легін ұсынды.

Осы ретте бүгін қабылданған құжаттың маңызы - құқық қорғау тақырыбының біржолата мемлекеттік саясаттың басты басымдығы ретінде бекітіліп отырғандығында.

«Маусым Жарлығында бекітілген баптардың барлығын жүзеге асыру - құқық қорғау саласының кешенді жаңғыртылуын қамтамасыз етеді және ол әділ әрі прогрессивті мемлекет құруға деген талпыныстың кезекті қадамы болмақ»,-деп қорытады Президент кеңесшісі.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы Жарлыққа қол қойды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT