+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Ерлан Қарин: Президент бастамаларын жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады

2020 жылғы 6 ақпан 09:30
Бөлісіңіз:
Ерлан Қарин: Президент бастамаларын жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президентінің кеңесшісі президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталғалы жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан бұрын хабарлағанымдай, Ұлттық кеңестің екінші отырысынан кейін, Президент Әкімшілігінің жетекшісі қолымен Президенттің жаңа бастамаларын жүзеге асыру бойынша Жоспар бекітілді. Осы жоспарға сәйкес тиісті мемлекеттік құрылымдар қаңтар айында саяси реформалар бағытына қатысты әр бастама бойынша заң жобаларын дайындау қажет болатын. Бірнеше күн бұрын бұл жұмыс аяқталды. Енді президенттік бастамаларды жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталғалы жатыр. Заң жобалары мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін, ғылыми лингвистикалық экспертизадан өтіп, және Үкіметтің отырысында талқыланғаннан соң, олар Парламентке қалыптасқан тәртіпке сәйкес қарастыруға енгізіледі», - деп жазды Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен, Президенттің ол Ұлттық кеңестің екінші отырысында жариялаған бастамалары белсенді жүзеге асырылып жатқанын жазды.

Еске сала кетсек, 20 желтоқсан күні елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысын өткізген болатын.

Мемлекет басшысы табысы аз отбасылардың балалары нақты қолдау шараларымен қамтылатынын жеткізіп, Үкіметтің алдына ашық әрі әділ атаулы көмекпен қамтамасыз ету міндетін қойды. Президент мемлекеттің тек мұқтаж жандарға ғана жәрдем беруі тиіс екенін жеткізді .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT