Ерлан Қарин Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары кеңсесінің басшысымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6 мамыр күні Президенттің көмекшісі және Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Кездесуде Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының негізгі бағыттары мен жүзеге асырылып жатқан президенттік бастамалар жөнінде сөз қозғады.

Атап айтқанда, Ерлан Қарин Ұлттық кеңес қызметі аясында жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар мен бастамалардың үш президенттік пакетіне тоқталды.

Кездесу соңында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалары кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт ЕҚЫҰ-ның реформалар пакетін жүзеге асыруда көмек көрсетуге дайын екенін айтты.


Соңғы жаңалықтар