Ерлан Қарин Қазақстан тарихынан академиялық жинақтың әзірлену барысын талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында белгілі тарихшы ғалымдармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында берілген тапсырмаға сәйкес дайындалып жатқан «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» көптомдық академиялық басылымның әзірлену барысы талқыланды.

Басылым заманауи тұжырымдамалық тәсілдерді пайдалана отырып, сондай-ақ шетелдік мұрағаттар мен кітапханалардан табылған жаңа тарихи деректерді талдау арқылы дайындалып жатыр.

Аталған жұмысқа Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, Мемлекет тарихы институтының, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының, Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институтының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Халықаралық Түркі академиясының, Жошы Ұлысы институтының және басқа да гуманитарлық ҒЗИ, еліміздің жоғары оқу орындарының, сондай-ақ алыс және жақын шет мемлекеттердің тарихшы ғалымдары тартылған.

Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар