Ерлан Қарин «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы болып тағайындалды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы Ерлан Қаринді таныстырды. 

«Ерлан Тынымбайұлы білікті саясаттанушы, идеолог, еліміздің шынайы патриоты ретінде көпшілікке жақсы танысекеніне еш күмәнім жоқ. Ендігі жерде оған еліміздегі ең ірі медиа құрылымның жұмысын одан әрі дамыту тапсырылып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұған дейінгі іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін», - деп жазды Д. Абаев өзінің Фэйсбуктегі парақшасында.

Ерлан Қарин  1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша бітірген. 1999 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетін тәмәмдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

null  

Еңбек жолын 1996 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті саясаттану кафедрасында мұғалім болып бастаған.  Әр жылдары Е.Қарин Саяси зерттеулердің Орталық-Азиялық агенттігінің директоры, «Асар» Республикалық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы, Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, «Нұр Отан» ХДП стратегиялық даму жөніндегі хатшысы, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына директоры болып қызмет атқарған.

Сонымен бірге, Ерлан Қарин - Қазақстандағы Джиу-джитсу мен МММ құрметті президенті. Қазақстандық және шетелдік ғылыми және мерзімдік басылымдарда жарық көрген 100 астам мақалалар авторы. «Құрмет» орденімен (2010), «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 20 жыл» (2012) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Еске сала кетсек, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне 1 қазан күні тағайындалған Кемелбек Ойшыбаев төрт айдан кейін басшылықтан кететінін мәлімдеді . Бұл шешімін К.Ойшыбаев оқу туралы іске асырылмай қалған ойларды жалғастырғым келеді деп түсіндірді.  

Соңғы жаңалықтар