+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Ерлан Қарин: Әкім сайлауы мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың сапасын арттырады

2021 жылғы 25 шілде 13:45
Бөлісіңіз:
Ерлан Қарин: Әкім сайлауы мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың сапасын арттырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин елімізде өтіп жатқан әкімдер сайлауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзбекстандағы сайлау: 71,8 процент сайлаушы дауыс берді Өзбекстанда Президент сайлауы өтті деп танылды Өзбекстанда Президенттік сайлау өтіп жатыр

«Бүгін Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтуде. Бұл – Президент айтқандай, елімізде саяси жаңғырудың жаңа кезеңін ашатын өте маңызды сәт. Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауда әкімдерді тікелей сайлау туралы бастама көтерген болатын. Нәтижесінде, оны ұсынғаннан бастап нақты іске асырылғанға дейін бір жылдан аз уақыт өтті», - деп жазды ол Telegram-каналында.

Мемлекет басшысы кеңесшісінің айтуынша, ауыл әкімдерін сайлау азаматтарға өз елді мекендерінің дамуына тікелей ықпал етуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

«Олар мемлекеттік басқару жүйесінің ұзақ мерзімді жұмыс қағидаттарын қалыптастырып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың сипатын сапалы етіп өзгертеді. Сондықтан, бұл сайлау науқанының барысы азаматтар арасында үлкен қызығушылық тудырды», - дейді Президент көмекшісі.

Сондай-ақ, ол бүгін өтіп жатқан сайлау елдің саяси өрісін жандандырғанын, жергілікті деңгейде саяси бәсекелестіктің артқанын атап өтті.

«Осы тұрғыдан алғанда, барлық 6 саяси партияның өз кандидаттарын ұсынғаны, көптеген өзін-өзі ұсынушылар тіркелгені де маңызды. Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған үш саяси пакет шеңберіндегі барлық өзгерістер дәйекті түрде іс жүзінде іске асырылып, қоғамның сұраныстарына сай келеді және елдің одан әрі демократиялануына ықпал етеді», - деп жазды Ерлан Қарин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT