Ерлан Қалмақов Қостанай облыстық дін істері басқармасына басшы болды

None
Фото: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Ерлан Қалмақов Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлан Болатұлы 2008 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын, 2010 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тәмамдаған. құқық; бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

01.01.2006 ж. – 11.08.2008 ж. – «Қостанай таңы» газеті редакциясы» тілшісі;

21.10.2008 ж. – 05.01.2009 ж. – Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жастар және жастар бірлестіктерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші маманы;

05.01.2009 ж. – 19.10.2009 ж. – Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы талдау және мониторинг бөлімінің жетекші маман;

19.10.2009 ж. – 14.12.2010 ж. – Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарын мониторингілеу бөлімінің бас маманы;

14.12.2010 ж. – 12.10.2012 ж. – Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жастармен жұмыс және саяси партиялармен өзара іс-қимыл бөлімінің бастығы;

15.10.2012 ж. – 23.11.2012 ж. – Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бастығы;

26.11.2012 ж. – 31.08.2016 ж. – Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары;

2016 жылдан батап жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысы болған.


Соңғы жаңалықтар