Ерлан Дауылбаев: Сайлау учаскесіндегі ең негізгі адам – сайлаушы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев сайлау учаскесіндегі ең негізгі адам – сайлаушы екенін қадап айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Орталық сайлау комиссиясымен бірге ҮЕҰ академиясы» білім беру жобасы шеңберінде сайлауды байқау негіздерін түсіндіруге арналған семинар өткізілді. Отырысқа онлайн режимде 500-ден астам адам қатысуға ниет білдірген. Отырыста сайлауды байқау негіздері түсіндірілді.

«Учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен оны ауыстыратын тұлғалар сенім білдірілген тұлғалардың, байқаушылардың шағымы бойынша саналған дауыстың хаттамасын, онымен бірге жасалған актты бірге ұсынуы тиіс. Байқаушылар өздерімен бірге жеке басын және құзыретін куәландыратын құжатты алып жүруі керек. Ол сайлау процесіне, дауысты санау процедурасына және учаскелік комиссия қабылдаған шешімге араласпауы тиіс. Сонымен қатар байқаушы учаскелік сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін әрекет жасамай, учаскедегі ережелерді сақтау жөніндегі төрағаның талаптарын орындауы тиіс», - деді Ерлан Дауылбаев.

Оның айтуынша байқаушы өз ескертпелерін құжатталған, шынайы факттарға сүйене отырып қалдыра алады.

«Байқаушы белгілі біреуге, кандидатқа немесе саяси партияға басымдық бермеуі керек. Байқаушылардың тұратын жерін айқындау да маңызды мәселе. Дауыс беру нысанындағы ең негізгі адам – сайлаушы. Қайталап айтамын: дауыс беру нысанындағы ең негізгі адам – сайлаушы. Ал учаскелік сайлау комиссиялары дауыс берушінің өз еркі мен құпия дауыс беру құқығын барынша қамтамасыз етуі керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар