Ерлан Бекхожин Қазақстан Кәсіби бокс Федерациясының президенті қызметіне сайланды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мемлекеттік энергетика колледжінде Қазақстан кәсіби бокс Федерациясының есептік конференциясы өтті.

Жиын барысында Федерацияның президенттігіне ҚР Президенті телерадиокомпаниясының бас директоры Ерлан Бекхожин сайланды.

«Қазақстан боксының бітім-болмысы ерекше. Жеткен жетістігімізбен тоқтамауымыз керек. Біздің спортшыларымыз әлі де шеберлігін шыңдауы керек. Соңғы әлем чемпионаты соны көрсетті. Көп елдің менеджерлері біздің спортшыларға көз салып жүр. Енді олардан көз жазып қалмай, қажетті бағытта жұмыс істеу маңызды», - деді бокстан Азия Конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев.

Ол Федерацияның жаңа басшылығы бокс саласын дамытуға өз үлесін қосарына сенімін білдірді.

Сондай-ақ, жиын барысында колледжде 1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Виктор Демьяненконың кәсіби боксерлік клубы ашылды.

«Бүгінде қатты, адуынды шабуылға көшу керек. Мұндай залдар кәсіби рингте жаңа есімдерді естуімізге септігін тигізеді», - деді С.Қонақбаев.

Кәсіби аренада Қазақстанның намысын қорғап жүрген Қанат Ислам клуб тәрбиеленушілеріне шеберлік сағатын өткізді.

Соңғы жаңалықтар