Ерлан Баттақов ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасының сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлан Баттақов 1969 жылы 9 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын және Мемлекеттік статистика комитеті мен Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің РСБЖИ бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтының құрылыс материалдары және бұйымдары технологиясы кафедрасының зерттеуші тағылымгері ретінде бастады. 1995-1996 жж. – «Алатау Инвест» ҚФИ бас маманы, бас директордың инвестициялар жөніндегі орынбасары. 1996 ж. – Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Бағалы қағаздар нарығын реттеу басқармасының маманы, бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті лицензиялау бөлімінің бастығы. 1996-2007 жж. – «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, қаржы директоры. 2007-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің қаржы-талдау секторының меңгерушісі, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің меңгерушісі. 2012-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары, бірінші орынбасары. 2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы.


Соңғы жаңалықтар