Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қала басшысының қабылдауына келген тұрғындар өздерін толғандырған проблемаларын айтып, шаһар басшысынан көмек сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселесін назарға алған Ерлан айтаханов азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Өз кезегінде шаһар басшысымен кездесуге келген тұрғындар әлеуметтік жәрдемақы алу мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы бірқатар мәселелерді көтерді. Сондай-ақ, баспанамен қамту, кәріз жүйесі, көше атауы, жол, газ, жарык проблемаларын айтты. Барлығ ұсыныс тілектерді тыңдаған әкім Ерлан Қуанышұлы тұрғын үйлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегімен берілетінін айтып, оларды «Бақытты отбасы», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға шақырды. Сонымен қатар, коммуналды проблемалар рет-ретімен шешілетінін жеткізді. Жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі өзінің назарында болатынын айтқан шаһар басшысы сала жетекшілеріне көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар