Ерлан Айтаханов Цитадельдегі археологиялық қазба жұмыстармен танысты

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Ескі қалашықтағы қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Цитадельге барып, ондағы құрылыс жұмыстарын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылысшылармен кездескен шаһар басшысы ескі қалашықтағы жұмыстар 2020 жылы өз мерзімінде аяқталуы тиіс екенін баса айтты.

Археологтар және құрылысшылармен болған кездесуде әкім Ескі қалашық ауданының тарихи жоспарлау құрылысын барынша сақтауды ескертті. Айта кетейік, бүгінде қаланың 2200 жылдық тарихын айшықтайтын ескі қалашықтың құрылыс жұмыстарын «Қаржан Тау» құрылыс компаниясы жүргізуде. Цитадельдегі археологиялық қазба жұмыстарымен 100-ге жуық маман айналысуда. Мердігер Әлихан Батырханұлы келер жылы өтетін ТМД елдерінің мәдени астанасымен тұспа-тұс келген Шымкенттің 2200 жылдығында аталған нысанды сапалы әрі уақтылы тапсыру үшін бар күшін жұмылдырып жатқанын айтты. «Бүгінде аумағы 5,03 гектарды құрайтын цитадельде 120-дан астам құрылысшы жұмыс істеуде. Олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан тапсырысты уақытында орындау үшін талмай еңбек етуде. Біздің басты мақсатымыз - құрылысты сапалы орындау, сондықтан мұнда білікті мамандар жұмыс істеуде, - деді компания басшысы.

Соңғы жаңалықтар