Ерлан Айтаханов: Бар күш-жігерімді шымкенттіктердің сенімін ақтауға жұмсаймын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Халықтың сенімін ақтап, Шымкент қаласын қалай дамытуды жоспарлап отырсыз?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлбетте, маған артылған сенімді ұғынып отырмын. Бүкіл тәжірибемді, бар күш-жігерімді қала тұрғындарының сенімін ақтауға жұмсаймын. Нақты әрекеттермен ісімізді жүргіземіз», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бұған дейін қала басшысы әртүрлі салада қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізген болатын. Оның айтуынша, қоғамдық көліктер 600-ге жуық жаңа автобуспен толығып, алдағы үш жылда 10 мектеп салынады.

Сондай-ақ, шымкенттік компания тоқыма өнімдерін Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Ресей елдеріне экспортқа шығаруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар