Еркін күрестен жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 1-3 сәуір күндері Өскеменде еркін күрестен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне барлық өңірден 400-ден аса спортшы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

52 келіде Дамир Молдабаев (Ақтөбе обл), 57 келіде Абзал Өкенов (Нұр-Сұлтан), 61 келіде Әділ Оспанов (Қарағанды), 65 келіде Талғат Сырбаз (Атырау), 70 келіде Санжар Досжанов (Алматы облысы), 74 келіде Дәулет Ергеш (Жамбыл), 79 келіде Тілек Қабыкенов (ШҚО), 86 келіде Абылай Совет (Алматы облысы), 92 келіде Бекзат Үркімбай (Нұр-Сұлтан қаласы), 97 келіде Нұркен Көбейсінов (Ақтөбе), 125 келіде Бақдәулет Өсербай (Түркістан) жеңімпаз атанды.

Жарысқа жалпы есебі 20 команда қатысқан.

Соңғы жаңалықтар