+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Еркін күрестен Токио олимпиадасына қатысатын балуандар құрамы белгілі болды

2021 жылғы 13 маусым 16:38
Бөлісіңіз:
Еркін күрестен Токио олимпиадасына қатысатын балуандар құрамы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Токио Олимпиадасында бақ сынайтын балуандар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Олимпиада: Қазақстандық спортшылардың 4 тамыздағы жарыс кестесі Ришат Хайбуллин Токио Олимпиадасының финалына өте алмады Олимпиада-2020: Қазақстан медальдар саны бойынша нешінші орында

Отандық еркін күрес шеберлері төртжылдық додасында бес салмақ дәрежесінде белдеседі.

Токио Олимпиадасында еркін күрестен төмендегі балуандар ел намысын қорғайды:

57 келі: Нұрислам Санаев (Ақтөбе облысы)

65 келі:Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы)

74 келі: Данияр Қайсанов (ШҚО)

97 келі: Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы)

125 келі: Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы)

Бас бапкер Әсет Серікбаевтың айтуынша, 74 және 125 келіге дейінгі салмақта Олимпиадаға кімдердің қатысатыны ең соңғы сәтке дейін белгісіз болған.

«Балуандарымыз Польшада өткен Вацлав Циолковский мемориалында сынға түсті. Бұл рейтингілік турнир болғандықтан, кейбір салмақтағы мәселелер осы бәсекеден соң шешіледі деген қорытындыға келдік. Біз 74 және 125 келідегі балуандарды осы жарыста бақылап, жақсы нәтиже көрсеткен спортшыны Токиоға апаруды жоспарладық. Өздеріңіз де көрдіңіздер, Данияр Қайсанов (74 келі) пен Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) турнирде үздік үштік қатарына енді. Елге келген соң бапкерлермен ақылдасып, соңғы рейтингілік турнирде жүлдеге іліккен спортшыларды құрамға қостық. Біз бәріне де мүмкіндік бердік. Олимпиаданың басталуына бір айдан сәл ғана асатын уақыт қалды. Мақсатты түрде дайындалу үшін құрамды жарияладық. Токио ойындарына дейін екі-оқу жаттығу жиынын өткіземіз», - дейді Серікбаев.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT