Еркін күрестен Азия чемпиондары жеңістері жөнінде пікір білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Азия чемпионы атанғана Санжар Досжанов (70 келі) пен Болат Сақаев (79 келі) жеңістері жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда Санжар Досжанов өзбекстандық Зафарбек Отахуновтан басым түсті.

Ол финалға дейін Оңтүстік Корея өкілі Пак Су Хенді, қырғызстандық Орозобек Токтомамбетовті, ирандық Мортеза Гиасиді жеңді.

«Финалға дайындық ерекше болды. Мұндай мүмкіндік күнде бола бермейді. Сондықтан жанкүйерлер алдында бар күшімді салдым. Жеңіске жетуге жол іздедім. Бапкерім белдесуге дайын болуымды ескертті. Алтын медалімді маған жанкүйерлік жасаған барша азаматтарға арнаймын», - деді Санжар Досжанов.

Болат Сақаев та финалда өзбекстандық Бекзод Абдурахмановты жеңіп кетті.

Ол финалға дейін жапониялық Яджуро Ямасаки, ирандық Амир Хосейн Кавусифардан басым түсті.

«Дайындық өте жоғары деңгейде болды. Бапкерлер мүмкіндікті құр жібермеу қажеттігін ескертті. Жеңіске жеттім. Алдағы уақытта да көк туды желбіретсем деген ойдамын», - деді Болат Сақаев.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Рахат Қалжан Азия чемпионатында қола алды.

Енді 14 сәуірде 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежедегі спортшылар күреседі.


Соңғы жаңалықтар