Еркін күрес шеберлері Токио олимпиадасына екінші жолдама жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында еркін күрестен Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

57 келіде ел намысын қорғаған Нұрислам Санаев ширек финалда колумбиялық Оскар Урбанодан айласын асырып, жартылай финалға өтті. Ол Урбано 10:6 есебімен жарыс жолынан тайдырды. Осылайша әлем чемпионатының жартылай финалына өтіп, оған қоса Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.

Нұрислам Санаев алғашқы белдесуінде молдовалық Анатолий Бурьянды 11:0 есебімен ұтса, 1/8 финалда германиялық Джастин Джуниор Лерді 7:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Дәулет Ниязбеков алдағы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алғанын хабарлаған болатынбыз .


Соңғы жаңалықтар