+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Еркін күрес шеберлері елордадағы Әлем чемпионатын сәтті бастады

2019 жылғы 19 қыркүйек 13:36
Бөлісіңіз:
Еркін күрес шеберлері елордадағы Әлем чемпионатын сәтті бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елорда төрінде күрес түрлерінен өтіп жатқан лицензиялық Әлем чемпионатында бүгін қазақстандық еркін күрес шеберлері жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордадағы ӘЧ: Бүгін еркін күрес шеберлері бақ сынайды Еркін күрестен әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Еркін күрестен ерлер арасындағы 65 келі салмақ дәрежесінде үш дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы қазақстандық Дәулет Ниязбеков алғашқы белдесуінде тайпейлік қарсыласын 10:0 есебімен ұтты.

Сондай-ақ, еркін күрестен 57 келіде белдескен тағы бір отандасымыз Нұрислам Санаев та алғашқы белдесуін жеңіспен бастады. Ол бірінші белдесуінде молдовалық Анатолий Бурьяннан 11:0 есебімен айласын асырып, келесі айналымға өтті.

Ал әйелдер күресінен бүгін 68 келідегі Ирина Казюлина алғашқы белдесуінде тайпейлік спортшыдан басым түсті. Өкінішке қарай, құрамадағы жас балуандарымыздың бірі 65 келідегі Айна Теміртасова жарыс жолынан шығып қалды. Ол жұбаныш белдесуінде болгариялық қарсыласынан 1:6 есебімен ұтылды.

Елордамызда өтіп жатқан Әлем чемпионатын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Айта кетейік, бүгін әйелдер күресінен 62, 68 келі, еркін күрестен 57, 65 келі салмақ дәрежелеріндегі финалистер анықталады. Сондай-ақ, әйелдер күресінен 57, 59, 65 және 76 келідегі жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT