Еркін күрес: Mattaeo Pellicone турнирінде қазақстандықтар алғашқы медалін иеленді

None
None
РИМ. ҚазАқпарат - Италияның Рим қаласында күрес түрлерінен «Mattaeo Pellicone» халықаралық турнирі жалғасуда. Қазақстан сапынан алғашқы медальді 125 келідегі Юсуф Батырмурзаев жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Батырмурзаев алғашқы айналымда ирандық қарсыласынан ұтылған болатын. Алайда, Иран балуаны финалға шығып, қазақстандық спортшы қола жүлдеге күресу мүмкіндігін алды. Үшінші орын үшін өткен белдесуде Юсуф Батырмурзаев неміс балуанын жеңіп, қола жүлдені еншіледі. 97 келіде Қазақстан намысын қорғаған үш балуан да алғашқы айналымда жеңіліс тапты.




Соңғы жаңалықтар