Еркін күрес: Қазақстандық екі балуан финалға шықты

None
Фото: instagram.com/drs_kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 13 сәуірде Астана қаласында еркін күрестен Азия чемпионатының алғашқы ойын күнінде Санжар Досжанов (70 келі) және Болат Сақаев (79 келі) финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні 57, 65, 70, 79 және 96 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар сайысқа түсіп жатыр.

Олардың арасынан Санжар Досжанов пен Болат Сақаев финалда белдеседі.

Санжар Досжанов алдымен Оңтүстік Корея өкілі Пак Су Хенді қапы қалдырса, одан кейін қырғызстандық Орозобек Токтомамбетовті, Мортеза Гиасиді жеңді. Финалдағы қарсыласы - өзбекстандық Зафарбек Тихонов.

Ал Болат Сақаев финалға дейін жапониялық Яджуро Ямасаки, Амир Хосейн Кавусифарнан басым түсті.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Рахат Қалжан (57 келі), Мұхтар Санжар (65 келі), Бекзат Үркімбай (97 келі) 3-орын үшін сайысқа түседі.

Ал Болат Сақаев финалға дейін жапониялық Яджуро Ямасаки, Амир Хосейн Кавусифарнан басым түсті. Финалдағы қарсыласы - Бекзод Абдурахманов.

Финалдағы қарсыласы - Бекзод Абдурахманов.


Соңғы жаңалықтар