+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Еркін күрес: Ел біріншілігінде барлық салмақтағы жеңімпаздар анықталды

2020 жылғы 22 қараша 20:44
Бөлісіңіз:
Еркін күрес: Ел біріншілігінде барлық салмақтағы жеңімпаздар анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігінде еркін күрес шеберлері төрт салмақта жеңімпаздарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан ӘЧ- 2022: Еуропадағы іріктеу кезеңінің жеребесі 7 желтоқсанда тартылады Ауылдарда балаларды шымырлыққа баулитын дәстүрлі бокс пен күресті дамыту керек - Қырымбек Көшербаев Головкиннің DAZN-мен шартты қандай жағдайда ұзарта алатыны белгілі болды

Жарыста 74 келіде Нұрғожа Қайпанов мықтылығын танытты. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері бұл салмаққа жақында ауысқан болатын. Ол финалда қызылордалық Қанат Мұсабековті жеңді. Қола медаль астаналық Нұрлан Бекжанов пен алматылық Дархан Есенғалиға бұйырды.

Ел біріншілігінде 79 келі салмақта ұлттық құрама мүшесі, қызылордалық Ғалымжан Өсербаев ақтық сында Алматы облысының өкілі Рустам Мырзағалиевті 11:0 есебімен ұтты. Осылайша Ғалымжан ел біріншілігінде бесінші мәрте чемпион атанып отыр. Үздік үштікті ақтөбелік Айдар Балданбаев пен атыраулық Болат Сақаев түйіндеді.

Ал 92 келіде маңғыстаулық Эльхан Асадовқа тең келерлік ешкім болған жоқ. Ол финалда елордалық Ералы Әбдірашевті 3:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл салмақта қола жүлде Шамиль Магомадов (Шығыс Қазақстан облысы) пен Нұрғали Нұрғайыпұлына (Нұр-Сұлтан) бұйырды.

Біріншілік барысында 125 келіде Шығыс Қазақстан облысынң өкілі Олег Болтин финалда павлодарлық Дәулет Шабанбайды жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Естеріңізге сала кетелік, Дәулет 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қола жүлдегер атанған болатын. Бұл салмақта ақтөбелік Юсуп Батырмурзаев пен түркістандық Бақдәулет Өсербай қола жүлде алды.

Бұдан бұрын еркін күрестен 20 қарашада 57, 61, 86 салмақта чемпиондар анықталды.

Ал 22 қарашада 65, 70 және 97 келіге дейінгі салмақтағы балуандар сынға түсті.

Енді 23 қарашада әйелдер күресінен 10 салмақта жүлделер сарапқа салынса, грек-рим күресінің шеберлері 24-26 қараша аралығында тоғыз салмақта жүлдеге таласады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT