+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Еркін күрес: Дәулет Ниязбеков Қазақстанның  8 дүркін чемпионы атанды

2020 жылғы 21 қараша 20:03
Бөлісіңіз:
Еркін күрес: Дәулет Ниязбеков Қазақстанның  8 дүркін чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Дәулет Ниязбеков Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауылдарда балаларды шымырлыққа баулитын дәстүрлі бокс пен күресті дамыту керек - Қырымбек Көшербаев Головкиннің DAZN-мен шартты қандай жағдайда ұзарта алатыны белгілі болды Бокстан Қазақстан чемпионаты: Жартылай финалға шыққан қыздардың есімі белгілі болды

Естеріңізге сала кетелік, кеше күрес түрлерінен ел біріншілігі басталды. Жарыстың алғашқы күні, 20 қарашада 57, 61, 86 салмақта чемпиондар анықталды.

Бүгін, 65, 70 және 97 келіге дейінгі салмақтағы балуандар боз кілемге шықты.

Қызылорда облысының атынан сынға түскен Дәулет Ниязбеков 65 келіде қарсылас шақ келтірген жоқ. Ол финалда қарағандылық Әділ Оспановты жеңді. Осылайша Дәулет еліміздің 8 дүркін чемпионы атанды.

Қола жүлде жамбылдық Нұрсұлтан Садық пен Шығыс Қазақстаннан келген Олжас Олжақановқа бұйырды.

Атыраулық Талғат Сырбаз 70 келі салмақта ел чемпионы болды, Екінші орынды шымкенттік Нұржан Сейітжан алса, үшінші орын Алматы облысының балуаны Е.Тәңірбергенов пен Солтүстік Қазақстаннан келген С.Бейсаловқа бұйырды.

Ал 97 келіде жамбылдық Әлішер Ерғали алтыннан алқа тақса, күміс жүлде қарағандылық Серік Бахытхановқа бұйырды. Үздік үштікті Алматы облысының балуаны Абылай Совет пен қызылордалық Бекзат Тәжі түйіндеді.

Енді еркін күрес шеберлері 22 қарашада 74, 79, 92, 125 келі салмақта сынға түседі.

Ал әйелдер күресінен 23 қарашада 10 қарашада жүлделер сарапқа салынса, грек-рим күресінің шеберлері 24-26 қараша аралығында тоғыз салмақта жүлдеге таласады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT