Еркебұлан Малшыұлы Моңғолиядағы күрестен «хурц арслан» атағын иеленді

None
None
БАЯН-ӨЛГЕЙ. ҚазАқпарат – Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында ұйымдастырылған күрес сайысында арыстан дәрежелі палуан Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанып, аймақтық «хурц арслан» дәрежесін иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат Kaznews.mn ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетерлігі, Моңғолдың ұлттық күресінен аймақтық атақ берілетін сайысқа 128 палуан қатысқан екен. Осы сында аймақтық лашын (начин) дәрежесін Еркінбек Шоқанұлы мен Бердәулет Мұқтарұлы жеңіп алған. «Ал финалдық кездесу аймақтық арыстан (арслан) Еркебұлан Малшыұлы мен Энхболдын Тамираа арасында өтті. Бұл белдесуде Еркебұлан Малшыұлы жеңімпаз атанып, аймақтық «Хурц арслан» атағын алды. Бұл атақ моңғолдық ұлттық күрес ережесіне сай аймақтық мерейтойда екі мәрте жеңімпаз атанған палуанға беріледі. Еркебұлан Малшыұлы бұған дейін 2011 жылы аймақтық арыстан атағын алған болатын», - делінген ақпарат дерекөзінде.



Соңғы жаңалықтар