Еркебұлан Дауылбаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев берген өтінішіне сәйкес ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы 30 Шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.

1999 жылы-М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін;

2004 жылы-М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін;

2016 жылы-Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің инспекторы, басшының орынбасары болып бастаған.

Мынадай лауазымдарды атқарды:

- Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының лицензиялау бөлімінің бастығы;

- Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы құрылыс басқармасы бастығының орынбасары; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының басшысы, Шымкент қаласы;

- Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы құрылыс басқармасының басшысы;

- «Агро-НК-А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Шымкент қаласы;

- «Нұр Отан» партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы облыстық филиалы төрағасының орынбасары;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы;

- Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, Тараз қаласы;

- Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Тараз қаласы;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Нұр-сұлтан қаласы;

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, Нұр-сұлтан қаласы;

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, А-2 санаты.

2022 жылғы 23 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар