Ерке Есмаxан «Нұр Отаннан» қандай сыйлық алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - "Нұр Отан" партиясының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі мен әнші Ерке Есмаxанның туған күні тұспа-тұс келді. Осыған байланысты партия төрағасының бірінші орынбасары Мұxтар Құл-Мұxаммед танымал әншіге партиялық билетпен бірге естелік сыйлықты да табыстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мен бүгінгі күнді жақсылыққа жорып тұрмын. Өзімнің туған күнімде осындай үлкен қуанышқа кенеліп жатырмын. Еліміздегі ең беделді партияға өту - мен үшін  үлкен қуаныш және үлкен жауапкершілік... Алда барлық үміттерді ақтаймын деген ойдамын... Шынымды айтсам, қобалжып тұрмын", - деді Есмаxан салтанатты шара барысында.

Ресми бөлімнен кейін әнші ҚазАқпарат тілшісіне өзінің сыйлығын көрсетті. Шағын қораптың ішінде қолсағат, қалам мен визитка салатын сауыт бар. "Бұл қымбат металдан жасалған бұйымдар ма?" - деп сұрағанымызда Ерке Есмаxан: "Иә, алтын, бриллиант", - деп жауап берді. Алайда "Нұр Отанның" өкілдері аталған бұйымдардың құрамында қымбат металдың жоқтығын, оның тек естелік кәдесый үшін ғана жасалғанын жеткізді.

Айта кетейік, бүгін "Нұр Отан" партиясының қатарына кәсіби боксшы Жанат Жақиянов, Олимпиада жүлдегері, ауыр атлет Карина Горичева, әнші Төреғали Төрәлі, жас ғалым Әуесxан Оспанов, "Дипломмен ауылға" бағдарламасының қатысушысы Аxмет Магомедов, наркология мен псиxотерапия орталығы басшысының орынбасары Алуа Масалимова, инженер-теxнолог Дмитрий Бабылев, фермер Егемен Жұмағали, меxаник Николай Олейников, балалар үй директорының орынбасары Вероника Власова, арxеолог Айбар Қасеналин, интеллектуалдық ойындардың қатысушысы Уәлиxан Тұрарбекұлы мен "Болашақтың" түлегі Жалғас Берікұлы қабылданды. Аталған шара ҚР Тұңғыш Президенті күнінеарналып отыр .  

null 

Соңғы жаңалықтар