Еріктілер Шерубай, Нұра өзендерінің жағасын қоқыстан тазартты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Абай ауданының еріктілері Шерубай-Нұра су қоймасы жағажайының аумағын тазалады. Еріктілер жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жағажайдан екі жүк көлік толы қоқысты шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Топар кенті жағынан су қоймасының жағажайын тазалау жыл сайын жүргізіледі. Оны 23 жастағы Темірлан Кәкенов басқаратын «Жастар альянсы» қоғамдық бірлестігі тұрақты ұйымдастырады. Ол еріктілермен және ауданның жанашыр тұрғындарымен бірге әртүрлі экология акциясын, сенбіліктер өткізеді.

«Жағажайды тазалау жөніндегі акция өткізу идеясы мектепте оқып жүргенімде пайда болды. Мен Топарда тұрамын, жасөспірім достарыммен жағажайға барамыз. Адамдар қоқысты үйіп қалдырып кететінін көріп, біз жағажайды тазарту керек деп шештік. Осылайша алғаш рет үлкен сенбілік ұйымдастырылды. Содан кейін бұл жыл сайынғы дәстүрге айналды. Эколог мамандығын оқығанмын, егер қазір ештеңе жасамасақ, онда біз қоқысқа батып кететінімізді түсінемін. Осы маусымда үш үлкен сенбілік өткізілді. Соңғысында екі жүк көлігімен қоқыс шығардық», – деді Темірлан Кәкенов.


Сондай-ақ, Абай ауданының еріктілері жергілікті бұлақтың аумағын тазартты. Жыл сайын олар бұлақ көзінің жанынан көп қап қоқыс шығарады. Темірлан бұл акциялардың барлығы қысқа мерзімді нәтиже беретінін атап өтті.


«Балабақшадан бастап балалардың ой-санасына экология мәдениетін сіңіру қажет. Балаларға қоқысты бөлек жинауға үйрету керек. Мектептерде экологияны оқыту және түрлі тренинг өткізу қажет. Егер біздер, жастар қоқыс тастауды жалғастыратын болсақ, онда экологиялық апат болатынын түсінуіміз керек», – деп атап өтті Темірлан.


Соңғы жаңалықтар