Еріктілер Семейдің су басқан аудандарын қоқыстан тазартып жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде су басқан аудандарды қоқыстан тазалау жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

200-ден астам ерікті жас қаланың су басқан аудандарында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Семей қаласы «Жастар» ресурстық орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған тазалық жұмыстары Түйемойнақ аралы ауданы, Биологиялық орталық маңы, Мирный, Пристань кентінде жүргізілді. Акция аясында аудандардағы тұрғын үйлердің ауласы мен маңы әртүрлі тұрмыстық күл-қоқыстардан тазартылды. Ерікті жастар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуді қаладағы төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғастырмақ. 

«Қаладағы оқу орындарының студент жастарынан құрылған ерікті жұмысшы жасақтары 2 сәуірден бастап тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұндағы мақсат су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету. Ал 4 сәуірден бастап студент жастарының ұйымдастырумен дәрігерлер бригадасы құрылады. Құрамында білікті жас дәрігерлер мен психолог мамандар бар. Аталған бағыттағы жұмыстар қаламыздағы төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасады»,-деді Семей қаласының «Жастар» ресурстық орталығының директоры Олжас Соғымбай.

null null null 

Соңғы жаңалықтар