Еріктілер атыраулық жастарға шет тілдерін үйретеді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында English for Jastar жастар жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы мен «Жас Отан» жастар қанаты English for Jastar партиялық жобасы аясында келген еріктілерге сәт сапар тіледі.

Айта кету керек, сондай-ақ партияның Исатай, Индер, Махамбет, Мақат және Жылыой аудандық филиалдары да өз аудандарына келген еріктілерді қабылдады.

Оқушылардың ағылшын тілі деңгейін арттыру мақсатында «Жас Отан» ЖҚ және «Болашақ» қауымдастығы тамыз айында English for Jastar атты жобасын іске қосты. Атырау облысында жұмыс жасауға 12 ерікті ниет білдірген.
null 

«Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиевтың айтуынша, ауданға келген еріктілерге барлық жағдай жасалған. Олардың баспана, тамақтану, тасымал мәселесі толықтай шешілген.

Құрманғазы ауданында жұмыс жасауға ниет білдірген еріктілер Тоғжан Кәримолла мен Інжіл Ғаділбекова екі кезеңмен 106 баланы оқытады.
null 

«Дәріс беру сағаттарымыз белгіленді. Барлық әдістемелік құралдарымыз дайын. «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының игі бастамасын шын ниетімізбен қабылдадық. Бұл қадамымызды біз еліміздің алдындағы патриоттық борышымыз», - деп есептейміз дейді олар.

«English for Jastar» партиялық жобасы 2 айға есептелген. Еріктілер 20 қыркүйек пен 20 қараша аралығында ауыл балаларына шет тілін үйретіп, аудан жастарының ағылшын тілінде сөйлеу машығын дамытады. Жоба аясында 500-ден астам баланы қамту жоспарланып отыр.

Айта кетелік, бұл жоба партияның Елбасының үштұғырлы тіл саясаты мемлекеттік бағдарламасын дамытуға қосқан үлесі. Жобаға ағылшын тілін меңгеруі Intermediate деңгейінен кем емес, орыс және қазақ тілдерін еркін меңгерген, бұрын соңды балалармен жұмыс жасап көрген, ауыл балаларына ағылшын тілін үйретуге ниеті бар еріктілер тартылған. 

null 

Соңғы жаңалықтар