Еріктілер 10 қарағандылық отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы еріктілерінің фронт-кеңсесі самбо федерациясының құрметті президенті Данияр Қалымбетовпен бірге мұқтаж жандарға азық-түлік тарату бойынша қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағандыда 10 отбасы азық-түлік алды. Бұл көп балалы және жалғыз басты аналар, 1-топтағы мүгедектер, сондай-ақ зейнеткерлер. Азық-түлік жиынтығы екі кішкене тордан тұрды: картоп, пияз, 5 литр май, 4 кг қарақұмық, 4 кг қант, бір қорап ұн, 10 кг макарон, 10 кг жұқа кеспе, 5 кг күріш, бір қорап шай. Әр отбасыға осындай жиынтық таратылды. Акция осымен аяқталмайды», — дейді облыстық волонтерлер фронт-кеңсесінің жетекшісі Мәдина Тұрсынбекова.

Енді еріктілер ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

«Мен Қарағанды облысының ардагерлер кеңесіне қоңырау шалып, бізге көмекке

мұқтаж адамдардың тізімін берулерін сұрадым. Сондай-ақ, біз қарттарға аулаларда қар тазалауға, зейнеткерлер мен мүгедектердің үйлері мен пәтерлерін тазалауға, дәрі-дәрмектер, азық-түлік және т.б. жеткізуге көмектесеміз, Менің нөмірім +7-778-673-35-35, Ssenim109 байланыс орталығында көрсетілген. Мұқтаж адамдар қоңырау шала алады», — деді Мәдина Тұрсынбекова.


Соңғы жаңалықтар