Ерікті медициналық сақтандыру жалпыға қашан қолжетімді болады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ерікті медициналық сақтандыру тетігі бұқара халыққа қашан қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанықтарға ерікті медициналық сақтандыру тетігі қолжетімді. Бірақ оны негізінен ірі кәсіпорындар, мысалы, мұнай компаниялары қолданады. Ал халыққа жаппай қолжетімді болуы үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мұндай қызмет ұсынушылардың қатарын кеңейтеміз. Медициналық сақтандырумен айналысатын компаниялардың бәрін шақырамыз», - деді Ажар Ғиният.

Айтуынша, бұл тетік жалып халыққа қолжетімді болуы үшін жан-жақты жетілдірілуі шарт.

«Бұл жүйеде бөлініс айқын болады. Ерікті негізде сақтандыру жасайтын компания қандай қызмет көрсететіні, кепілдендірілген мемлекеттік ақысыз медициналық көмек аясындақандай қызметтер көрсетілетіні, МӘМС арқылы қандай қызметтер көрсетілетіні нақтыланады. Бізде жыл аяғына дейін уақыт бар» - деді министр.


Соңғы жаңалықтар