Ерік Сұлтанов СҚО әкімі болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерік Хамзаұлы Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

***

Е.Х.Сұлтановты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

Ерік Хамзаұлы Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 27 мамыр

№ 825

Соңғы жаңалықтар