Ерік Сұлтанов әкімдік қызметкерлермен бірге шаңғы тепті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - «Ұлы дала елі - тәуелсіздіктің 25 тірегі» 25 жұлдызды күн жалпыұлттық акциясы аясында Бөркі ауылында шаңғы марафоны өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

null null null
Марафон қатысушыларымен бірге Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов та шаңғы тепті.

Спорттық іс-шараның салтанатты ашылуын жариялай отырып, өңір басшысы солтүстікқазақстандықтардың еліміздегі салауатты өмір салтын ұстанатындар көшін бастап келе жатқанын тілге тиек етті. Облыстың 29,6% тұрғыны спортпен шұғылданады.

«Тәуелсіздік алған жылдары Солтүстік Қазақстан облысында 2700-ден астап спорттық мекемелер салынған. Бұл жұмысты біз ары қарай жалғастырамыз. Соңғы екі жылдың ішінде 192 хоккей және 250 футбол алаңдарын салсақ, соның 46-сы жасанды жолмен жабылған», - деді Ерік Сұлтанов. Іс-шара қатысушыларын ҚР Президенті көпсайысының бірнеше дүркін чемпионы Александр Наумов құттықтады. 

null null null null  

Соңғы жаңалықтар