Ерік Сұлтанов: 2015 жылы СҚО-да негізгі капиталға құйылған инвестициялар 154 млрд теңгеден асты (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 2015 жылы Солтүстік Қазақстан облысына таяу және алыс шет елдерден 25-тен астам делегация келді.

Келіссөздер оң нәтижесін беріп үлгерді. Бұл туралы тұрғындармен есептік кездесу кезінде аймақ басшысы Ерік Сұлтанов хабарлады.
«2015 жылы негізгі капиталға құйылған инвестициялар 2014 жылмен салыстырғанда 28 пайызға өсіп, 154 млрд теңгеден асты. 2015 жылдың қорытындылары бойынша Солтүстік Қазақстан облысы инвестициялар өсімінің қарқыны бойынша республика аймақтарының арасында 1-ші орын алды. Бұл бағытта жоспарларымыз үлкен - біз облысымызға тартылып отырған инвестициялар көлемін еселеп өсірмекпіз», - деп атап өтті өз сөзінде СҚО әкімі.

Бұл мақсатта ағымдағы жылдың қаңтар айында 9 елдің өкілдерінің қатысуымен инвесторларды тарту және Солтүстік Қазақстан облысының инвестициялық климатын жақсарту бойынша бірінші аймақтық кеңес өткізіліп, оның қорытындылары бойынша 6 меморандумға қол қойылды.

«Біздің ойымызша, өңірге инвестиция тарту және одан әрі дамытуда болашағы зор салалардың бірі - туризм болып табылады. Бұл саланы дамытуға 2015 жылы 876 млн теңге инвестицияланған», - деп қосып өтті Е.Сұлтанов.

2015 жылдың жазында солтүстікқазақстандық туристік нысандарға 53,5 мың адам (ішкі туризм - 50,8 мың адам, кірмелік туризм - 2,7 мың адам) барған.

Биыл мамыр айында Туризм апталығын өткізу жоспарланып отыр, соның аясында «Солтүстік Қазақстан облысының туристік әлеуеті» атты 1-ші көрме өткізіледі.
null null null

Соңғы жаңалықтар