ERG компаниясы медиаресурсқа иелік етуден кетеді - Александр Машкеевич

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Eurasian Resources Group компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы, акционер Александр Машкеевич ERG компаниясы медиаресурсқа иелік етуден кететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір бұл мәселені талқылап жатырмыз. Қазір ұжыммен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біз кетіп жатырмыз, ERG компаниясы медиаресурстарға иелік етуден кетеді. Өйткені, әркім өз ісімен айналысу керек деп ойлаймын. Яғни, тау-кен өндіруші тау-кен бизнесімен айналысуы керек. Медиахолдингтер – өз алдына бөлек бизнес. Бұл – дербес сараптама, дербес білім, бөлек адамдар. Бізге өз бизнесімізге, тау-кен-металлургия қызметіне көбірек бағдарлану керек деп ойлаймын», - деді кәсіпкер ҚР Президентін ұлықтау шарасынан кейін БАҚ өкілдеірне берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ол компанияға қарасты медиаресурстың қызметкерлеріне тағы бір мүмкіндік берілуі де ықтимал екенін айтты.

«Ал ондағы қызметкерлерге келсек, қазір талқылап жатырмыз. Білмеймін, бәлкім оларға жалғастыруға мүмкіндік беретін шығармыз. Өздерімен сөйлесеміз. Өйткені біздің ойымызша, «Экспресс К» қазір жетекші, маңызды медиаресурстардың бірі болып есептеледі», - деді Александр Машкеевич.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президентінің ұлықтау рәсімі өтті.


Фото: erg.kz


Соңғы жаңалықтар